Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРДЫ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРДЫ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

⚜️ Aудан әкімі Азат Оралбаев аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тарапынан «1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күніне» орай ұйымдастырылған шараға қатысып, мүмкіндігі шектеулі балаларды мерекемен құттықтады. Сондай-ақ бірқатар үздік бүлдіршінге алғыс жариялап, сыйлықтар табыстады, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Возможно, это изображение 4 человека и ребенок
⚜️ Мерекелік шараға аудандық мәслихаттың төрағасы Бақдәулет Жұмабеков, облыстық мәслихаттың депутаты Ғани Раимбеков, аудандық мәслихаттың бір топ депутаттары да қатысып, сөз сөйлеп, сый-сияпат үйлестіріп берді.
⚜️ Өз кезегінде ата-аналар жомарт жандар тарапынан балаларының көңілдері үшін жасалынып жатқан игі істерге ризашылықтарын білдірді.
⚜️ Шара барысында өнерлі балалар ән айтып, би билеп, көпшіліктің көңілін көтерді.
Возможно, это изображение 6 человек и помост
⚜️ Айта кету керек, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде 170, “Шапағат” оңалту орталығында 29 бала тіркеуге алынған.
© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*