Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Өркен Балажанов Қазығұрт ауданына арнайы іссапарымен келді, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Қазығұрт Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жұмыс сапары барысында департаменттің Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Нұрлан Амандық, Қазығұрт ауданы әкімі Азизхан Исмаилов, аудан әкімі аппаратының басшысы, ауданның Әдеп жөніндегі уәкілі Қанат Иматовтармен бірге Қазығұрт ауыл округі әкімі аппаратына барып, әкімдік жұмысымен танысып, мәжіліс бөлмесінде мемлекеттік қызметшілерімен кездесу өткізді.
Кездесуде агенттіктің негізгі жұмыс бағыттары, мемлекеттік қызмет туралы заңнамаларға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды, Әдеп кодексінің талаптары түсіндірілді.
© Jetpisbai.kz