АУДАНДА ОРЫНДАЛҒАН ЖҰМЫСТАРДЫ АРАЛАП ТЕКСЕРДІ
в Түркістан, Қоғам, Әлеумет
68 Просмотров

Қала әкімі
Нұрбол Тұрашбеков І мөлтек ауданда орындалған жұмыстарды аралап тексерді, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі
Түркістан Қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сауран секторында жалпы 17 мәселе көтерілген, оның 10-ы Тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөліміне тиесілі, 6 мәселемен Инфрақұрылым және коммуникациялар бөлімі айналысуда.

Нұрбол Әбдісаттарұлы өтініш иесімен кездесіп пікірлесті. Қазіргі таңда аулаларда тазалық жұмыстары жүріп, ағаштар бұталып реттелген. Көпқабатты үйлердің жертөлесінде тозығы жеткен құбырлар ауыстырылып, жаңартылуда.
2024-06-01