Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » АУДАН ОРТАЛЫҒЫНАН КІШІ ФУТБОЛ АЛАҢЫ МЕН БАЛАЛАР ОЙЫН АЛАҢШАСЫ АШЫЛДЫ

АУДАН ОРТАЛЫҒЫНАН КІШІ ФУТБОЛ АЛАҢЫ МЕН БАЛАЛАР ОЙЫН АЛАҢШАСЫ АШЫЛДЫ

Шолаққорған ауылындағы Жібек жолы-2 көшесінің бойынан 1-маусым Халықаралық Балаларды қорғау күні мерекесі қарсаңында «Katco» қазақ-француз біріккен кәсіпорны» демеушілігімен салынған кіші футбол алаңы мен балалар ойын алаңшасы ашылып, пайдалануға берілді, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Созақ Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Возможно, это изображение 8 человек
Спорт нысанының ашылу салтанатында аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков шараға жиналған тұрғындарды жаңа нысанның ашылуымен құттықтап, жас бүлдіршіндерге мерекелік тілегін арнады.
— Өскелең ұрпақтың болашаққа деген сенімін нығайтып, білімге, спортқа баулу қай кезде болмасын уақыт сөресінен түспек емес. Бүгінде мемлекетіміз ұстанған саясаттың басым бөлігі жастарды жан-жақты қолдап, елдің тұтқасын ұстар ұрпағымыздың жарқын болашағына аса сенім артуда. Бұл бағыт бойынша біздің бүгінге дейінгі атқарған жұмыстарымыз бен жеткен жетістіктеріміз сіздердің ынтымақ пен бірліктеріңіздің арқасы. Біздің осы жетістіктеріміз алдағы уақытта да еселене түсері сөзсіз. Ол үшін алға қойған мақсатымыз бен нақты жоспарларымыз бар,- деді аудан басшысы Мұхит Сексенбайұлы. Сондай-ақ бұған дейін спорт саласы бойынша атқарылған жобалар мен алдағы жоспарларына тоқталып өтті.
Сонымен қатар, аудандық мәслихат төрағасы Ордабек Жәмиев ауыл жастары спортты жанына серік етіп, жаңа нысан тәнін шынықтыратын орынға айналатынына сенімін білдірді.
Шолаққорған ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы, Созақ ауданының Құрметті азаматы Бүркіт Арынбеков аудан көлемінде түрлі сала бойынша атқарылып жатқан жұмысарға тоқталып, ізгі тілегін арнады. Спорт ардагері, ауыл қариясы Талымов Жолдасбек игі істі атқарған азаматтар мен нысанға демеушілік танытқан «Katco» қазақ-француз біріккен кәсіпорнына» алғыс айтып, батасын берді.
Возможно, это изображение 2 человека и текст
Айта кетейік, қазіргі таңда аудан жастары спортпен шұғылданып, бос уақытын тиімді пйдалануға барлық жағдайлар қарастырылуда. Өткен жылдан бері ауданда футбол, баскетбол, волейбол алаңшасы мен «Street workout», балалар ойын алаңшасы, 1000 орындық жаңа стадион және жабық үлгідегі футбол алаңдары пайдалануға беріліп, жалпы спорт саласы бойынша 9 нысан ел игілігіне ұсынылды.
Биыл Қарақұр ауылында заман талабына сай жабдықталған жабық үлгідегі футбол алаңының құрылысы басталды. Жабық алаң кез-келген мезгілде доп тебуге ыңғайлы етіп жабдықталады. Алдағы уақытта бұндай нысан кезең-кезеңімен барлық ауылдық округтерде бой көтермек.
Возможно, это изображение 10 человек
Бұған қоса аудан орталығынан салынып жатқан заманауи үлгідегі 200 орындық «Спорттық-сауықтыру» кешенінің құрылысы жалғасуда. Жалпы ауданы 3 га болатын спорт кешенінің оқу-жаттығу базасы да барлық заманауи талаптарға сай. Екі қабатты ғимарат волейбол және баскетбол алаңдары, күрес пен боксқа арналған зал, бассейн және футболмен айналысуға арналған ашық спорт алаңымен қамтылып, облысымыздағы теңдессіз нысандардың бірі болмақ.
© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*