Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Шымкент » УКРАИНАЛЫҚ ӘЙЕЛ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ПЕРИНАТАЛДЫҚ ОРТАЛЫҚТА БОСАНДЫ

УКРАИНАЛЫҚ ӘЙЕЛ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ПЕРИНАТАЛДЫҚ ОРТАЛЫҚТА БОСАНДЫ

Шымкент қаласындағы перинаталдық орталық дәрігерлері толғағы қысқан Украиналық азаматшаны босандырып, сәбиіне күрделі ота жасады. Барлық медициналық шаралар міндетті әлеуметтік сақтандыру аясында тегін көрсетілді.
Щебетун Диана 20-сәуір күні толғағы басталып, жедел жәрдем қызметімен қаладағы перинаталдық орталыққа жеткізілген. Сәби мерзімінен бұрын 33 аптасында дүниеге келді. Толық медициналық тексеруден өткізген жергілікті дәрігерлер нәрестеге «өңештің артрезиясы» диагнозын қойып, күрделі ота жасады. Өңештегі туа біткен ахауды хирургиялық жолмен емдеу операциясы сәтті өтті.
1700 грамм салмақпен туылған ұл бала бүгінде салмақ жинап, 2 келіден асты. Денсаулығы жақсарған анасы мен баласын перинаталдық орталық дәрігерлері бүгін үйіне шығарды.
Украинадан келген азаматша Щебетун Диананың мамандығы дәрігер. Ал жолдасы «Қызылжар» футбол клубының ойыншысы. Диана жолдасымен бірге Шымкентке жұмыс бабымен келген. Шымкеттегі жұмыс сапарында жүкті әйелдің мерзімінен бұрын толғағы басталып, перзентханаға жеткізілген болатын.
Өзге елден келген азаматша баласын босандырып, күрделі операцияны сәтті жасап шыққан дәрігерлерге алғысын білдірді.
Айта кетейік, жуырда ғана Шымкент қаласының перзентханасында үшем дүниеге келген болатын. Үшемдерді дүниеге әкелген Шымкент қаласының 24 жастағы тұрғыны Айгүл Бақытжанқызы.

Үшем ұлдар мерзімінен бұрын, яғни жүктіліктің 31-аптасында 15 сәуір күні қалалық перзентханада дүниеге келген. Олардың бірінің салмағы 1580 грамм болса, екіншісі − 1640, үшіншісінікі 1610 грам болып туылған. Дәрігерлер үшемдерді алдымен жансақтау бөлімінде тұрақты бақылауда ұстап, тиісті ем-шараларды жасап, кейін палатаға шығарып, күтіп-баптаған. Едәуір салмақ жинап, жағдайлары жақсарған үшемдер мен олардың анасын бүгін Шымкенттегі перзентхана қызметкерлері салтанатты рәсіммен үйлеріне шығарып салды.
Шексіз қуанышқа кенелген отбасы үшемге Мырзахмет, Нұрмаханбет, Дінмухаммед деген есімдер берген. Бұл – Шымкенттегі жыл басынан бері өмірге келген төртінші үшем.
Айта кетейік, жыл басынан бері қалада 10913 сәби дүниеге келген. Оның 5579-ы ұл болса, 5334-і қыз. Егіздердің саны 107-ге жетіп, төрт үшем өмірге келген.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*