Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » Түркістандық учаскелік полицейдің тәуліктегі тынысы

Түркістандық учаскелік полицейдің тәуліктегі тынысы

«Жүргізушілер жол ережесін бұзады. Ең қарапайым қауіпсіздік белдігін тақпай, көлік басқарады. Ал құқық бұзушылықты анықтап, айыппұл салсақ, ренжиді, теріс пікір айтады. Осы ретте барлық көлік тізгіндеушілерін жол қозғалысы ережесін мұқият сақтауға шақырамын».
Бұл пікірді жылдың барлық мезгілінде, тәулік бойы, облыс орталығында патрульдеу қызметін атқарып жүрген полиция сержанты Бақнұр Сарсенбекұлы білдірді.
Күнделікті түрлі жағдаймен бетпе-бет келетін полиция қызметкері, жол апатының алдын алып, оқиғадан зардап шегетіндер санын азайтуға үлес қосып келеді. Ал кейде өз өмірін қиюға асыққан тұрғынды құтқарып, ерлік ісін жасайды.
Күнделікті жұмысқа шыққанында, үйінде отбасы уайымдап отыратынын айтқан қызметкер, оған қарамастан Отанға берген антына адал болып, ештеңеден тайсалмай, шаршамай жұмыс жасайтынын сеніммен жеткізді.
Түркістандық учаскелік полицейдің тәуліктегі тынысы. Елдің тыныштығын қамтамасыз етіп, қоғамдық тәртіпті қадағалайтын учаскелік инспекторлардың жұмысы мен міндеті ауыр. Бұл сақшылар халықпен тығыз жұмыс жасай жүріп, құқық қорғау органдарының имиджін қалыптастырады. Бұл ретте «Жұртқа жақын полиция» қағидаты жұмыс жасауда.
Ал бүгінгі материалымыз тұрғындардың қауіпсіздігін қадағалау үшін 24/7 қызмет етіп жүрген инспектордың бірі — Ерболат Бекмұратов жайлы болмақ. Яғни учаскелік полицейдің бір жұмыс күні, ондағы профилактика, демалыс кезіндегін балалардың қауіпсіздігі, жол қозғалысы ережелерін сақтауы, есепке алынғандарды тексеріп, үй аралауы, аумақ тұрғындарының жағдайын біліп, тілдесуі мен алаяқтық қылмысынан сақтандыру сынды қызметтері ұсынылады.
Полиция майорының айтуынша, жұмыстың қызығы мен қиыншылығы қатар жүреді. Алайда қызметкеріміз халыққа қол ұшын созып жүргенімен, отбасына көбірек көңіл бөле алмайды. Себебі ол тұрғындардың тыныштығы үшін тік тұрып қызмет етеді. Бұл полицейлердің арасында жеке бастың қамы үшін жүргендерден, өмірін қоғам тыныштығы жолына арнағандар көп.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*