Гидрогеология саласындағы зерттеу нәтижелесіне сүйенсек, жыл өткен сайын жер бетінде ауыз су тапшылығы орын алуда, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Төлеби Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жер асты су қорлары азайып, климаттың жылуына орай, таудағы мұздар, қарлар еруде.
Су — тіршілік көзі. Сусыз тіршілік ететін ағза кездеспейді.Тіршілік құбылыстарының бәрі судың қатысуымен жүреді. Мамандардың есебіне сүйенсек, бір адам тәулігіне 500 литрге дейін су жұмсайды екен. Су тапшылығына орай, көрсетілген дебетті үнемді пайдалану қажеттілігі туындауда.
Тіршілік нәрінің тапшылығына тап болмас үшін, жаздың аптап ыстық күндерінде ауыз суды тұрмыстық емес мақсаттарға үнемдеп пайдалану қажет. Себебі, судың дебетінің жетіспеушілігі орын алып, ауыз суды насостардың күшімен пайдаланып отырған елді мекендерде жүктемелер насостарға түсуде. Насос күйген жағдайда резервте тұрған дайын насос “Ленгер су” МКК-да қаржы тапшылығына байланысты жоқ. Күйген насостарды жөндеп, қайта іске қосу үшін екі, үш күн қажет. Сондықтан, ауыз суды үнемдеп пайдалануға шақырамыз.
© Jetpisbai.kz