Ауданымызда егіндікті суғаруға қажетті каналдар мен арық-атыздарды механикалық тазалау жұмыстары жалғасуда, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Түлкібас Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Дәл қазір Балықты ауылдық округі, Абай ауылына қарасты Шымбұлақ каналы, Машат ауылдық округіне қарасты Жиынбай каналының тиісті бөлігі және аудан орталығын ағын сумен қамтып отырған су нысандарын арнай техникамен ұйықтан тазарту жұмыстары қарқынды атқарылуда.
Сонымен қатар, каналдар бойына су реттегіш құрылғылар(шлюз) қажеттілігіне қарай орнатылуда.
© Jetpisbai.kz