
Мерлан Керімжанов Қазақ гуманитарлық заң университеті заңтану бойынша, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін экономика және Қазақстан инженерлі-педагогикалық халықтар достығы университетін құрылыс мамандығы бойынша тәмамдаған.

Алғашқы еңбек жолын 2009 жылы Алматы қаласы «Айнабұлақ» базарының әкімгершісі қызметінен бастаған. Оңтүстік Қазақстан облысында құрылыс, жолаушылар көлігі және әкім аппаратында, сондай-ақ «Samruk-Kazyna Construction» АҚ бірқатар басшылық қызметтерін атқарған. Түркістан облысы сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы, Түркістан қаласы әкімінің орынбасары қызметінде болған. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғатты қорғау министрлігінің су шаруашылығы комитетінің «Қазсушар» Республикалық мемлекеттік кәсіпорынының Түркістан филиалының директоры болған.