Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУҒА ЖОЛДАМА АЛДЫ!

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУҒА ЖОЛДАМА АЛДЫ!

⚜Облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен «Кітапханашы азамат» байқауы өткізілді, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Түлкібас Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Возможно, это изображение 8 человек, люди учатся и текст

⚜Байқау мақсаты – көпшілік кітапханалардың кадрлық әлеуетін дамыту, ер азамат кітапханашы мамандардың кәсіби құзыреттілігі мен шеберлігін арттыруға жәрдемдесу, кітапхана саласына ер азаматтарды тарту, шығармашылық бастаманы дамыту және жас кітапханашыларды ынталандыру.
⚜Байқауда қатысушы ер-азамат кітапханашылар екі кезең бойынша бақ сынады.
⚜ Қатысушыларды облыстық мәдениет және туризм басқармасының бөлім басшысы, ақын Мұқағали Кенжетайұлы, облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапхана директоры Жанат Шардарбекова және «Оңтүстік Қазақстан» облыстық қоғамдық-саяси газетінің журналисті, ақын Бауыржан Ерман бағалады.
Возможно, это изображение 14 человек и текст
⚜Байқау нәтижесінде ауданымыздан қатысқан кітапханашы Нұрбол Нышанбай жеңімпаз атанып, республикалық «Жас кітапханашы» байқауына қатысуға жолдаманы иеленді.
⚜Республикалық байқауда сәттілік тілейміз!!!
© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*