Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » АРЫСТА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

АРЫСТА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

«Таза Қазақстан» акциясы шеңберінде Арыста саябақ пен аллеялар күнделікті абаттандырылып, арамшөптер шабылып, күл-қоқыстан тазалануда, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Арыс Қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Возможно, это изображение 1 человек, дерево и трава
Осы аптада С.Адамбеков саябағында шым төсемелер мен отырғызылған ағаштарға автоматты суғару жүйелеріне жөндеу жұмыстары жүргізілді.
И.Ақынбеков көшесі бойындағы саябаққа жаңадан автоматты суғару жүйелері орнатылды.
Ал, Мәңгілік ел саябағындағы ағаштарға күтіп жасалынып, жайқалған гүл түптерінің айналасын шөптен тазалау жұмыстары жүргізілді.
Теміржол үсті аспалы көпір айналасындағы шөптер орылып, тазаланып алынды.
Арбат аумағын қоқыстан тазалау, орындықтарды сырлау, талдарды әктеу жұмыстары күнделікті атқарылуда.
Орталық және ішкі көшелердегі істен шыққан жарықшамдар ретке келтіру жұмысты үздіксіз жүргізіліп жатыр.
Тиісті жұмыстарды жүргізіп жатқан «Qazaq Real Stroy» қызметкерлері тұрғындарға, әсіресе жасөспірімдер мен балалардың ата-аналарына саябақ ішінде орнатылған қондырғыларды бүлдірмеуді, белгіленбеген орындарға қоқыс тастамауды сұрайды.
Нет описания фото.
Тазалық жұмыстары – ең алдымен халыққа бір ауық тынығып, қолайлы жағдай жасау мақсатында жасалынады!
© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*