Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ҚР ІІМ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ МКҚБ ММ 2-ПОЛИЦИЯ БАТАЛЬОНЫНА АТТ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

ҚР ІІМ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ МКҚБ ММ 2-ПОЛИЦИЯ БАТАЛЬОНЫНА АТТ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Бүгін Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігі Түркістан облысының МКҚБ ММ 2-Полиция батальонына дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында діни экстремизмнің, теріс пиғылды діни ағымдардың алдын-алу, халық арасында дәстүрлі дінімізді таныту, бүгінде қоғамдық-саяси өміріндегі діннің асыл рөлі туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кездесуге Түркістан облысы дін істері басқармасының бөлім басшысы С. Жүсіпбек және Түркістан облысы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ «Қоғамдағы дін қатынастарын зерттеу» бөлімінің басшысы, дінтанушы-теолог маманы Ж.Жорабек қатысты.
Іс-шарада дінтанушы Ж.Жорабек: Дінімізді бұрмалап әртүрлі жаңалықтарды енгізіп, дінімізден, тілімізден, ділімізден, мәдениетімізден, қазақты қазақ етіп көрсететін салт — дәстүрімізден, ұлттық құндылықтарымыздан айырып, халық арасында араздық, дұшпандық, жеккөрушілік, тасбауырлық тудырып, ынтымағынан, бірлігінен айырып, ұмыттырғысы келгені, түрлі ағымдардың өте белсенді түрде жұмыс жасап жатқандығы оның айқын дәлелі екендігі туралы айтылды.
Сондай-ақ жастар көп пайдаланатын түрлі әлеуметтік желілер мен ютуб видеоресурсында деструктивті діни ағымдардың уағыз насихаттары кең таралған. Облыс көлемінде жыл басынан ҚР ӘҚБтК талаптарына сәйкес құқық бұзушылық фактілері жөнінде ақпарат берілді. Әлеуметтік желілер мен интернет ресурстарындағы ақпараттарды пайдалану, тарату барысында өте абай болу қажеттігі туралы баяндады.
Қатысушыларға діни мазмұндағы ақпаратты іздеу барысында тек қана ресми сайттар мен арнайы рұқсат етілген кітаптарды оқуға ғана болатынын ескертті.
Кездесуге қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға, теолог маман тарапын тиісті жауаптар берілді.

Жалпы діниэкстремизмнің қалай алдын аламыз. Біріншіден теріс діни ағымның, секталардың, экстремистік топтардың қаупі туралы жастарды көбірек хабардар етіп отыру қажет. Ол үшін барлық мектептерде, колледждерде, жоғарғы оқу орындарында «Дінтану» сабағымен қоса, дінтану және тарих пәндерінің мұғалімдері ашық сабақ және тәрбие сағаттарында, қауіпсіздік сабақтарында ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, онда экстремистік топтарды, тоталитарлық секталарды қалай білуге болатынын, олардан қалай сақтану жолын көрсетіп, түсіндіріп отырулары керек.

Екіншіден, қауіпті діни әдебиетке тыйым болмай, діни экстремизмнің алдын алу мүмкін емес. Сондықтан базарларда, құлшылық орындарында, жер асты өткелдерінде заңсыз сатылып жатқан теріс діни әдебиеттерге құзырлы орган тарапынан тыйым салынуы қажет. Өйткені қарапайым халық діни әдебиеттердің ақ қарасын ажырата алмауы мүмкін.Егерде сатылған теріс діни әдебиет тұтынушының қолына тисе санасын теріс бағытқа улауы әбден мүмкін.

Үшіншіден, шетелдерге діни білім алуға жастардың көбі өз бетімен барады. Олар ресми органдарда тіркелмегендіктен, нақты қайда оқығанын да білмейсіз. Соның салдарынан шетелдегі деструктивті діни ағымдардың идеологиясы бізге «экспортталып» жатыр. Сондықтан шетелде діни білім алуда белгілі бір шаралар қабылдау – заман талабы. Шетелде заңсыз құжыраларда оқып келіп, елдің арасына іріткі салып жүрген жастарымыз да жоқ емес. Төртіншіден, қазіргі таңда кітап оқитын жастар саусақпен санарлық. Өзіне қажетті барлық мәліметті интернеттен іздеп, оңай қол жеткізе алады. Сонымен қатар діни сауатын да интернеттен алады. Діни сауатты интернеттен аламын деп, елімізде және шетелден ашылған экстремистік сайттардың құрығына байқаусызда түсіп қалып жатады. Сондықтан елімізден және шетелден ашылған экстремистік сайттарды күнделікті құзырлы орган тарапынан бұғатталып отыруы қажет.

Бесіншіден діни экстремизм мен терроризм қылмысымен айыпталушылардың жазасын ауырлату, діни лаңкестіктің алдын алудың бірі болып саналады. 2011 жылдары орын алған лаңкестік оқиғалардың қайталану себебі — қылмыс жазасының жеңіл болуында.Халықтың арасынаүрей туғызып, халықтың өміріне қауіп-қатер төндіретін лаңкестіктің алдын алу үшін қылмыскердің жазасын қандай деңгейде болуын қарастыру демократиялық құндылықтарға қайшы келмейді. Десе де, террорлық қылмысқа ауыр жаза қолдану қылмыскерлерге тән азабын шектіру емес, қоғам үшін діни экстремизм мен терроризмнің жат екендігін бойға сіңіру және басқаларға сабақ болумақсатында іске асырылуы тиіс.

Қорыта келе мәңгілік ел боламыз десек «Мәңгілік ел» идеясын іске асырып, қуатты мемлекетке айналу үшін, ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіретін әрбір қауіпсіздік шараларын дер кезінде алдын алғанымыз жөн деді теолог маман.  Діни экстремизмге, терроризмге қатысты ғаламдық қауіппен тиімді күресу үшін оның алдын алу жұмыстары елімізде ұдайы жүргізіліп келеді. Халықаралық террористік ұйымдардың бұқаралық ақпарат құралдарында, əсіресе əлеуметтік желілер арқылы өз идеяларын мақсатты түрде насихаттауы – радикалды идеялардың Қазақстанда да таралуының негізгі көзі болып отырғандығы белгілі.

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*