Құрметті ардагерлер! Сіздерді бүгінгі кәсіби мерекемен шын жүректен құттықтаймын. Қоғам тыныштығын күзетіп, ел амандығын сақтауда еңбектеріңіз ерен, қызметтеріңіз адал.
Әрдайым жолдарыңыз ашық, абыройларыңыз асқақ, мерейлеріңіз үстем болсын. Халықтың алғысын алып, тек биіктерден көрінулеріңізге тілектеспін.
Қазақстан полициясының дамуына зор үлес қосқан әр ардагерлерге айтар алғысым шексіз. Сіздердің адал еңбектеріңіздің арқасында, бүгінгі полиция жаңашылдыққа ұмтылып, даму жолында келе жатыр. Көп жылдық бейнеттеріңіздің зейнетін көріп, ұрпақтарыңызбен жүз жасаңыздар.
Қызмет бабында ерлікпен қаза тапқан полицейлер мен олардың отбасына басымды игім келеді. Олардың есімдері ел есінде мәңгілікке сақталады.
Бүгінгі бейбіт күннің батырларына да ерекше алғыс білдіремін. Біз сіздермен мақтанамыз. Жылына бір келетін кәсіби мерекемен баршаңызды құттықтаймын. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін.
© Құрметпен, Шымкент қалалық Полиция департаментінің бастығы
Думан Таев