Күнмен, түнмен, ауа райымен, уақытпен санаспайтын осы бір мамандық иелерінің мойнындағы жауапкершілік пен жанкештілікті көбіміз ескере де, сезіне де бермейміз, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Шымкент Қаласының Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қатаң тәртіп пен мезгілсіз жұмысты кез-келген жанның қатар алып жүре алмасы анық. Бірақ, мәртебелі мамандықты атадан балаға жылдар бойы жалғап келе жатқан отбасылар көп.
Мұндай отбасы – әрқашан әулеттің абыройы мен жас ұрпақты тәрбиелеудегі ата-бабаларымыздың өмірлік ұстанымдарын жадында берік сақтаған және осы құндылықтар арқылы өскелең ұрпақты тәрбиелеген отбасы. Осындай отбасының бірі – Жетыбаевтар отбасы.
Дәл қазір Отанға сүйеніп қана емес, оны шексіз сүйе білу, қалтқысыз қызмет ету абыройлы міндет. Ал бір отбасынан бес офицердің шығуы патриотизмнің үлгісі. Жетыбаевтар отбасы оның жарқын көрінісі екені рас. Отанасы Гүлнар Әбдіхалыққызының бесігін тербеткен бес ұлының төртеуі шенді қызметкерлер. Олар ел қауіпсіздігі жолында еңбек етіп келеді.
«Адам тегіне қарап туады»деген дүние философиясы болса керек, шенді жігіттер Отан қорғау қызметтерінде әке жолын жалғап келеді.Бар ғұмырын ел тыныштығын, халық қауіпсіздігін сақтау жолына арнап, тынымсыз еңбек еткен полиция полковнигі, Ішкі істер министрлігінің зейнеткері Абай Бөріханұлы осы династияның бастауы.
Бүгінгі таңда әке жолын жалғаған ұлдарының үлкені Алмазбек Абайұлы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің полковнигі, Алматы облысы, Еңбекші қазақ ауданында Ұлттық ұлан гвардиясының майоры Тұрлыбек Абайұлы, Ұлттық ұлан гвардиясының ішкі қауіпсіздік бөлімінің басшысы майор Жоламан Абайұлы,сондай-ақ Шымкент қаласы полиция департаменті Қаратау ауданы полиция басқармасының полиция подполковнигі Жетыбаев Қылышбек Абайұлы.
Сонымен қарат, қазіргі таңда Жетыбаевтар отбасы халқымыздың тыныштығы жолында аянбай қызмет атқарды , атқарып келеді, болашақта да атқара береді деп сенеміз.
© Didarbek.kz