Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » ҚҰРМЕТТІ БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МЕН САЛА АРДАГЕРЛЕРІ!

ҚҰРМЕТТІ БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МЕН САЛА АРДАГЕРЛЕРІ!

⚜️Сіздерді бүгінгі төл мерекелеріңіз Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын! Жаңалықтың жаршысы, жақсылықтың хабаршысы болып қоғамдағы іргелі істердің алғы шебінде жүретін айрықша кәсіп иелерінің қызметі қадірлі де, құрметті! Бұқаралық ақпарат дәл қазіргі таңда қоғамдық өмірдің барлық басты салаларын қамтып отырғаны белгілі.
️Ақпараттар ағыны толастамай, күн сайын көбейген XXI ғасырда бұқаралық ақпарат құралдары шынайы ақпараттың қайнар көзі болып табылады.Уақыт өткен сайын аудандық басылым бетіндегі туған жер, ұлт мұраты мен ұрпақ болашағының маңызды бағыттары жайлы мақалалардың деңгейі көтеріліп, көкжиегі кеңейе түсуде. Сіздердің салмақты сөздеріңізбен, салиқалы пікірлеріңізбен халық билікке өз сөзін жеткізіп отыр. Баспасөз арқылы атқарушы билік органдарының қызметі туралы тұрғындарға жедел және дәйекті ақпараттар жеткізіліп келеді.
⚜️Қоғам дамуының қозғаушы күші ретінде Сіздердің тынымсыз еңбектеріңіз үшін алғысымды білдіремін.Мереке құтты болсын!Дендеріңізге саулық, отбастарыңызға аманшылық, шығармашылық еңбектеріңізге сәттілік, табыс тілеймін!
© Құрметпен,
Түркістан облыстық мәслихатының депутаты
Ғани Ақылбекұлы

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*