Сіздерді «28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні» мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Бүгінгі күні еліміздің бұқаралық ақпарат құралдары азаматтық қоғамның құрамдас бөлшегі ретінде билік пен бұқараның арасындағы дәнекер ғана емес, еліміздің толағай табыстары мен зор жетістіктерінің жаршысы болып келеді.
Өз кәсіптеріңізге адалдық танытып, ақпарат майданында маңызды жаңалық жеткізуді мұрат тұтқан игі істеріңізге алғысымды білдіремін.
Баршаңызды кәсіби мерекелеріңізбен құттықтай отырып, шығармашылық шабыт, толағай табыс тілеймін!
© Ізгі ниетпен,
Еңбекші ауданының әкімі Досбол Күздікбайұлы!