Қаламызда орналасқан «Kazakh Real Stroy» ЖШС-і «Таза Қазақстан» акциясын қолдап, Арыс қаласына жаңадан 30 дана қоқыс контейнерін тарту етті, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Арыс Қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мекеме басшысының айтуынша жаңа контейнерлер Шымкентте арнайы тапсырыспен жасалынған. Қоқыс тасушы көлік тиеп алып кететін арнайы тетіктер ыңғайластырылған. Сыйымдылығы 1200 куб құрайды. Тағы бір ерекшелігі — қалыңдығы 2 см құрайтын металлдан жасалынған.
Бүгінде контейнерлер адамдар көп баратын қоғамдық орындарға, көпқабатты тұрғын үй аулаларына орнатылып жатыр.
Экоакцияны қолдап, қала халқына жайлылық сыйлаулы мақсат еткен мекеме тұрғындардан қоқысты белгіленбеген орындарға тастамауды, контейнердің айналасын ластамауды сұрайды.
© Jetpisbai.kz