Облыс орталығының тұрғыны алаяқтық қылмысын ашуға көмектескен Түркістан қаласы Полиция басқармасының тергеушісі Т. Тұрсынбаевқа шынайы алғысын айтып, жазба жолдады, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Түркістан Облысының Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Нақтырақ айтсақ, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер жергілікті тұрғынның өтініші бойынша алаяқтық жасаған күдіктіні анықтады.
Белгілі болғандай, мемлекеттен өтеусіз грант алуға көмек сылтауымен сенімге кірген жас әйел, жәбірленушіден 12 миллион теңгеден астам алаяқтық ақшасын алып, көзден таса болған.
Күдікті Түркістан қаласының тұрғыны, бұрын сотты болған.Ол полиция басқармасына жеткізілді. Қылмыстық іс қозғалды және тергеу жүргізілуде. Барлық жағдайлар анықталуда.
Өз кезегінде полицейлер азаматтарды қырағылық танытуға және түрлі алаяқтардың құрбаны болмас үшін бейтаныс адамдарға сенбеуге шақырады. Сақ болыңыз!
© Jetpisbai.kz