Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » ҚАДІРМЕНДІ ЖЕРЛЕСТЕР!

ҚАДІРМЕНДІ ЖЕРЛЕСТЕР!

Баршаңызды әсем қаламыз Астана күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Тарих үшін қас-қағым сәт болғанымен осынау аз ғана жылдың ішінде Елордамыз дәулеті тасып, сәулеті асқан жер жаһандағы сұлу шаһарлардың біріне айналды. Тарихқа сәл шегініс жасап, Елордамыздың жылнамасына көз жүгіртер болсақ, сонау 1997 жылдың 20 қазанында Президентіміздің Жарлығымен Ақмола қазақ елінің астанасы болып жарияланған күн еске түседі. Сол жылдың қара күзінде Тұңғыш Президентіміз жаңа астана төрінде республикамыздың мемлекеттік нышандарын орталық алаңда салтанатпен қарсы алған болатын. Міне, осы сәттен бастап, Алатаудың бөктеріндегі әсем қала Алматыда қоныстанған мемлекеттік органдар Арқа төсіне атбасын бұра бастаған еді. Ал 1998 жылдың 10-шы маусымында әлем картасында пайда болған жаңа астананың халықаралық тұсаукесері өтті. Дегенмен, 2006 жылдан бастап елорда күні 10 маусым емес 6 шілде күні болып кеңінен аталып өтуде.
Елордамыздың 26 жылда жеткен жетістігі тек ғана Астана қаласының тұрғындарының жетістігі емес, Сіз бен біздің де жетістігіміз деп санаймын.
Құрметті түлкібастықтар!
Айтулы мерекелеріңізбен тағыда құттықтай отырып, баршаңызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға бақыт пен береке тілеймін! Еліміздің бас қаласының мерейі арта берсін!
© Құрметпен,
Түлкібас ауданының әкімі Нұржан Ізтілеуов

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*