Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Шымкент » ҚҰРМЕТТІ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫ МЕН ҚОНАҚТАРЫ!

ҚҰРМЕТТІ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫ МЕН ҚОНАҚТАРЫ!

Telegram және WhatsApp мессенджерлерінде қала әкімінің атынан ақпарат жіберу фактілері қайталануда. Бұл жалған! – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Хабарламаларды интернет алаяқтары жіберуде. Жалған хабарламаларға сенбеулеріңізді, жауап бермеулеріңізді, ақша аудармауларыңызды және күмәнді сілтемелерге өтпеулеріңізді сұраймыз.
Өздеріңіз білетіндей, қала әкімінің Instagram және Facebook желілерінде екі ресми аккаунты бар.
Мегаполис басшысы барлық хабарламаларды тек жеке телефоны мен ресми аккаунттарынан жібереді. Егер сізге қала әкімінің атынан қоңырау немесе хабарлама түссе, бірақ нөмір жасырын болса, оған мән бермеңіз.
Сақ болуға, арандатушылыққа бой алдырмауға шақырамыз. Түсіністік танытқандарыңызға рахмет!
© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*