Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Шымкент » 66 МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМ ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫ ТАҢБАЛАУ БОЙЫНША АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕМЕН ИНТЕГРАЦИЯЛАНДЫ

66 МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМ ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫ ТАҢБАЛАУ БОЙЫНША АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕМЕН ИНТЕГРАЦИЯЛАНДЫ

Шымкент қаласында 66 медициналық ұйым дәрілік заттарды таңбалау бойынша 2D сканер және деректерді жинау терминалымен қамтамасыз етілді, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Шымкент Қаласының Денсаулық Басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Возможно, это изображение 12 человек, люди учатся, стол, больница и отдел новостей
Бұл туралы Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Сауле Дүйсенбсева Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді.
Сауле Сансызбайқызының айтуынша, 26 мемлекеттік және 40 жекеменшік медициналық ұйымдарда толық интеграция жүргізілген. Таңбалаудың маңыздылығы-дәрілік заттардың айналымын ашық етеді және тұтынушыға босатылған дәрілік заттардың сапасы мен қауіпсіздігі бойынша ақпаратқа қолжетімділік беріп, меншік түріне қарамастан медициналық ұйымдарда өндірушіден пациентке дейінгі әр қаптаманың жеке есебін қамтамасыз етеді. Сондай-ақ контрафактілік және жалған өнім айналымынан қорғаудың негізгі құралдарының бірі болып табылады.
Возможно, это изображение 1 человек и текст
Айта кетейік, 2024 жылдың 1 шілдесінен бастап дәрілік заттарды көтерме саудадағы субъектілер таңбалау мен қадағалау процесін еңгізбеген медицинадық ұйымдарға, дәріханаларға дәрілік заттарды босату тоқтатылады, осыған байланысты дәріханалар дәрілік заттарды сатып алу және халыққа өткізу мүмкіндігінен айырылады.
© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*