2024 жылдың 17 шілдесінде Еңбекші аудандық Полиция басқармасында Шымкент ҚПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Попов Александр Викторович төрағалығымен осы ағымдағы жылдың 6 айында атқарған жұмысты қорытындылау жөнінде жедел кеңес өтті, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Еңбекші Аудандық Полиция Басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жедел кеңес барысында басқарма бастығының орынбасарларының баяндамалары тыңдалып, өзекті мәселелер талқыланып, Ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында және Департамент бастығы полиция генерал-майоры Д.Таевтың алдағы кезенде атқарылуға тиісті қойған міндеттері мен талаптары жеке құрамға жеткізілді.
Есептік мерзімде басқарма қызметкерлерімен құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар жұмыстар атқарылды.
Жиын соңында А.Попов, Басқарманың жыл басынан атқарған жұмысына оң баға беріп, бірқатар міндеттер қойды. Сондай-ақ, полиция — адамдардың қажеттіліктеріне, яғни азаматтарға қызмет көрсетуге бағытталуы керектігін, отбасы-тұрмыстық саласындағы құқық бұзушылықтарды, интернет-алаяқтығын және жасөспірімдер арасындағы қылмыстардың алдын алу. Есірткі қылмысына және нашақорлыққа қарсы күресті күшейту қажет екенін атап, нақты міндеттер белгіледі.
Өз кезегінде, Басқарма бастығының міндетін атқарушы Жандос Бейсенов берілген нұсқаулар мен тапсырмалар толығымен орындалатынын, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатындағы басым бағыттар жауапкершілікпен атқарылатынына сенім білдірді.
© Jetpisbai.kz