Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ – АЗАМАТТАРДЫҢ ТҰРМЫСЫН ЖАҚСАРТАДЫ

КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ – АЗАМАТТАРДЫҢ ТҰРМЫСЫН ЖАҚСАРТАДЫ

Аудан әкімі Азизхан Исмаилов, 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант алып, кәсібін дөңгелетіп отырған азаматтардың жұмысымен танысу және оларды қолдау мақсатында арнайы Қазығұрт ауыл округінде орналасқан 2 кәсіпкерлік нысанға барды, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Қазығұрт Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Возможно, это изображение 2 человека, костюм и текст
Оның бірі Пернекүл Исакованың «AISARA» авто ательесі болса, екіншісі Сапаркүл Сайлауқызының «Тігін техникасын дамыту» орталығы.
Қос кәсіпкер де 2023 жылы жаңа бизнес-идеяға берілетін 1 млн 380 мың теңге қайтарымсыз грантты иемденіп, кәсібін бастаған.
Қазіргі таңда бірі автокөліктердің ішкі бөлігіне арналған заттар тігумен айналысса, екіншісі түрлі заманауи киім-кешектер мен ауданымыздың бишілер тобына арнайы костюмдер тігуді қолға алған. Бұл кәсіпкерлердің қолынан шыққан бұйымдарға сұраныстар өте жоғары.
Аудан әкімі Азизхан Азимханұлы грант иегерлерінің жұмысын көріп, оң баға берді. Сондай-ақ, арнайы сұхбат құрып, кәсіпкерлікті қолдайтынын жеткізді. Мемлекет тарапынан беріліп жатқан көмектерді айта келіп, заң аясында кез келген көмектерді көрсетуге дайын екендігін жеткізді.
Возможно, это изображение 3 человека, утюг и текст
Өз кезегінде кәсіп иелері де мемлекет тарапынан жасалып жатқан мұндай мүмкіндіктердің барына ризашылықтарын білдіріп, халық атынан алғысын айтты. Сонымен қатар, мұндай жобалар жұмыссыздықты төмендетіп, халықтың әл-ауқатын жақсартатынын тілге тиек етті. Алдағы жоспарларымен бөлісіп, ауданымыздың экономикалық дамуына үлес қосатындықтарын жеткізді.
© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*