Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » ҚАЛА АУМАҒЫНДА АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ЖҰМЫСТАРДЫ САРАЛАДЫ

ҚАЛА АУМАҒЫНДА АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ЖҰМЫСТАРДЫ САРАЛАДЫ

Aудан әкімі Арман Абдуллаев Сарыағаш қаласының аумағында салынып жатқан спорт және балалар ойын алаңшаларымен аббатандыру нысандарының құрылыс барысын аралап, мән-жайымен танысты, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Сарыағаш Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Возможно, это изображение 7 человек, батут и облако
Қазіргі таңда, Сарыағаш қаласына қарасты Қасымбеков көшесі бойында №3, №4 көп қабатты тұрғын үйлер орналасқан аумақта балалар ойын алаңшасын орнату жұмыстары жүргізілуде. Кіші спорт алаңшасының құрылыс нысаны қоршалып, ойын алаңшасы тегістелініп қойылған.
Сонымен қатар, аудан басшысы қалаға қарасты Қалаубаев көшесінде құрылыс жұмыстары аяқталған спорт және балалар алаңшасының жаңдайын пысықтады. Аудан әкімі құрылыс жұмыстарын сралай келе, пайдалануға берілуге жоспарда тұрған балалар ойын алаңшасы және кіші спорт алаңшасы бойынша мердігер мекеме басшысына орнатылған 2 дана футбол қақпасын сапасы бойынша ескертулер беріп, қалпына келтіру бойынша тапсырмалар жүктеді.
Возможно, это изображение 5 человек и трава
Одан бөлек, қала кіреберісінде бой көтеріп жатқан 4 га жерде саябақтағы егілген жасыл екпелердің металл қоршауларын орнату жұмыстарының барысын саралады. Аталған құрылыс жұмыстары бойынша мердігер мекеме өкіліне металл қоршауларын құрылыс стандарттарына сәйкес сапалы атқару қажет екенін ескертіп, мерзімінде аяқтауды тапсырды.
© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*