Акцияға «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы «Отбасы мәселелері және халықты әлеуметтік қорғау» жөніндегі аймақтық кеңестің төрайымы Жандосова Баян Айтбекқызы, «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының саяси жұмыстар бөлімінің консультанты Сихимбаева Гүлзат Алиханқызы,«AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» Жастар қанаты Шымкент қалалық филиалының консультанты Сырлыбаев Абай Сырлыбайұлы қатысуымен өтті.
Мониторинг барысында анықталған кемшіліктер бойынша ұсыныстар тиісті органдарға жолданатын болады.
Сонымен қатар, Шымкент қаласында 2024 жылы мекенжай бағдарламасы бойынша бірінші жартыжылдықта 1500 бейнебақылау камераларын орнату жоспарланған, оның ішінде 1200 қоғамдық қауіпсіздік саласы және 300 жол қауіпсіздік саласы бойынша (автоматты түрде жол ережелерін анықтайтын камералар). Бұдан бөлек, екінші жартыжылдықта қосымша 1 500 камера орнатылатын болады, яғни жалпы 3000 бейнебақылау камераларын орнатуды жоспарланып отыр.
Шымкент қаласында мекенжай бағдарламасына сәйкес, 3868 бейнебақылау камералары орнатылған. Оның ішінде, 3177 «Сергек» камералары. Бұл бағытта жүйелі түрде жұмыстар атқару нәтижесінде, қаламызда 12855 бейнебақылау камералары Жедел басқару орталығына интеграцияланған. Оның ішінде, 3446 білім орталықтарында, «Қауіпсіз қала» қағидаты бойынша «Қазактелеком» акционерлік қоғамы бұлтты бақылау (облачное наблюдение) 2460 және 1851 темір жол, жер асты өткелдерде, денсаулық сақтау объектілерінде, үй аулалары мен базар аумақтарында орнатылған.
Жалпы, қабылданып жатқан шаралардың нәтижесінде, қазіргі уақытта Шымкент қаласы бойынша жалпы криминогендік ахуал тұрақты. 2024 жылдың осы мерзімінде қала аумағында тіркелген қылмыстар саны – 36,3 пайызға (1717-ден 1093-ке) азайған. Оның ішінде: — қоғамдық орында жасалған қылмыстар – 55,8 %-ға; — көшеде – 56,5 %-ға; — мас халде жасалған қылмыс — 2,6 %-ға; — отбасы тұрмыста жасалған қылмыстар — 42,9 %-ға; — кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстар — 45,2 %-ға төмендеген.