Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Шымкент » Тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі қарқынды жұмыс атқаруда

Тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі қарқынды жұмыс атқаруда

Шымкент қаласы Өңірлік Коммуникациялар қызметінің алаңында «Тұтынушылардың құқықтары мен міндеттерімен таныстыру» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. «Тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың бірыңғай ақпараттық жүйеде жұмыс істеу» бойынша: 2024 жылдың 5 айында «Е-тұтынушыда» жүргізілген түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде пайдаланушылар саны – 1558, тіркелген кәсіпкерлік субъектілерінің саны – 412 құрап отыр. Біріңғай ақпараттық жүйесі арқылы 112 өтініш келіп түсіп, тиісті жұмыстар атқарылды. «Ақпараттық-түсіндіру жұмысы» бойынша (құқықтық сауатылықты арттыру) 2024 жылдың 5 айында Департамент тарапынан жүргізілген ақпараттық-түсіндіру жұмыстары саны – 2165,

Оның ішінде: — «БАҚ-та сөз сөйлеу жиілігі» (выступление) бойынша 69 құрап отыр. -«БАҚ-тағы жарияланымдардың жиілігі» бойынша БАҚ-та жарияланвмдардың саны 114 құрады. — «Әлеуметтік желілердегі жарияланымдардың жиілігі» бойынша: саны 1960. Инстаграм – 980, Фейсбук – 980 жарияланым. — «Өткізілген брифингтер саны» – 13 құрап отыр. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша «ситуациялық штаб» жұмыс тобы құрылған. Е-тұтынушы бірыңғай ақпараттық жүйесі (БАЖ) бойынша Атамекен ҰКП-мен бірлесіп тұрақты негізде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде, БАЖ-да тіркелу туралы БАҚ-та материалдар жарияланды және бизнес қоғамдастықтармен осы қосымшада тіркелу қажеттілігі туралы дөңгелек үстелдер өткізілген. «Е-Тұтынушы» платформасының қызметін БАҚ құралдарында, әлеуметтік желілерде қарқынды түрде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Осы негізде, ҚР Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау Комитеті Төрағасының тапсырмасына сәйкес, Өңірде Мемлекеттік органдардан, Үкіметтік емес ұйымдардан және Қоғамдық бірлестіктерден құралған «Ситуациялық штаб» жұмыс тобы құрылып, іс-шара бойынша тиісті жұмыстар атқаруда. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау сапасы» түйінді көрсеткіші бойынша: 2024 жылдың 5 айында қаралған өтініштердің жалпы саны 1902 қаралды, қанағаттандырылды, тұтынушыларға 72 млн.теңге сомасында ақшалай қаражат қайтарылды. Қаралған 1902 өтініштің ішінен: Қанағаттандырылды — 1664 өтініш; 135 өтініш бойынша түсіндірме берілді; қайта бағытталды – 58 өтініш қайтарып алынды – 21 талап арыз бойынша – 9 келесі айға көшті – 15 «Талап-арыз қызметі» түйінді көрсеткішінің (тұтынушылардың құқығын қорғау саласында) 2024 жылдың 5 айында жалпы 9 талап-арыздық жұмыстары бойынша сот отырысына қатысты. 9 талап-арыз бойынша үшінші тарап ретінде Сот отырысына қатысып, 4 талап-арыз бойынша соттың оң шешімі тұтынушылардың пайдасына шешілді, жалпы сомасы 1 424 750 теңге өндірілген.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*