Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Шымкент » ШЫМКЕНТТЕ ӨРТ СӨНДІРУ-ҚҰТҚАРУ СПОРТЫ БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ

ШЫМКЕНТТЕ ӨРТ СӨНДІРУ-ҚҰТҚАРУ СПОРТЫ БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ

Бүгін Шымкент қаласындағы Қ.Мұңайтпасов атындағы орталық стадионында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша ерлер мен әйелдер құрама командаларының арасында Қазақстан Республикасының Кубогының VII турнирдің салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Салтанатты ашылу рәсіміне Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Айдын Мейрамбекұлы Кәрімов, ТЖ департаментінің бастығы генерал-майор Қуанар Бекенұлы Базарбаев, «Қазақстандық өрт сөндірушілер мен құтқарушылар спорт федерациясы» ҚБ атқарушы директоры Дәурен Төлегенұлы Данаев, азаматтық қорғау органдарының ардагерлері және басқа да қонақтар қатысты. Олар құттықтау сөзін сөйлеп, спортшыларға сәттілік тіледі.
4 күнге созылатын жарыста еліміздің өңірінен келген 13 ерлер және 12 әйелдер құрама командалары жүлделі орындарға таласатын болады. Сондай-ақ осындай дәрежедегі жарысқа қатысу және өз күшін сынап көру үшін Қырғызстан Республикасының спортшысы Алишер Конокбайулу арнайы келді.
Ашылу салтанатынан кейін жарыстың бірінші күні — жүз метрлік кедергілері бар жолақтан өту бойынша жарыс басталды. Айта кету керек, жарыстың бұл түрі – өрт сөндіру құтқару спортының ең қиын түрі болып саналады. Бірінші кезеңде қатысушылар кедергілерден өту керек. Ерлер үшін оның биіктігі 2 метр, әйелдер үшін-80 сантиметр.
Одан әрі спортшылар алдын ала арақашықтықта орналасқан өрт сөндіру жеңдерін ұстай отырып, буммен жүгіріп өтіп, өрт сөндіру жеңдерімен қанат жайып, бір мезетте жеңдерді жалғайды. Одан әрі өрт сөндіру жеңінің бір ұшы одан әрі тармақтағышқа жалғанып, өрт сөндіру оқпанына бекітеді.
Осылайша спортшы мәре сызығына жетеді. Бұл жерде жеңіске жетуде тек жылдамдық ғана емес, ептілік те қажет болады. Жүгіру динамикалық түрде 2 метрлік қоршауды еңсеру, бөрене (бум) арқылы жүгіру, жеңді тармаққа қосу секілді бірнеше элементтерді қамтиды.
Ал турнирдің екінші күнінде командалар оқу мұнарасының 2, 3, 4 — қабаттарына шабуыл сатысымен көтерілу бойынша жарысатын болады. Одан кейінгі күндері өрт эстафетасы мен жауынгерлік қанат жаю бойынша жарыстар өтеді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*