Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » ТҮЛКІБАСТА ЭКОАКЦИЯҒА АУДАН БЕЛСЕНДІЛЕРІ АТСАЛЫСТЫ

ТҮЛКІБАСТА ЭКОАКЦИЯҒА АУДАН БЕЛСЕНДІЛЕРІ АТСАЛЫСТЫ

Елімізде сәуір айынан бері жүріп жатқан «Таза Қазақстан» экоакциясы Түлкібас ауданында жалғасын тапты, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Түлкібас Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Табиғаты тамаша аудандағы жасалынған тазалық шарасына Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-ң Түлкібас аудандық филиал ұжымы, Түлкібас аудандық Ақсақалдар кеңесі, Медиация кеңесі мен Түлкібас ауданы Ішкі саясат бөлімі қызметкерлері, аудандағы БАҚ өкілдері, «Аманат» партиясы, Жастар ресурстық орталығы қызметкерлері қатысты.
Іс-шараға барлығы 50-ге жуық табиғат жанашыры үлес қосып, өңірдегі демалыс орындарды, республикалық маңызы бар автожол жиегін, бұлақ көздерін ашуға көмегін тигізді. Сонымен қатар, аталған акцияға аудан тұрғындарын да белсенді қатысуға шақырып, көркіне көз тоймайтын өңірге жанашырлықпен қарау керектігін тілге тиек етті.
© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*