Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Шымкент » Шымкентте Жаңа Шек арнасына су жіберілді

Шымкентте Жаңа Шек арнасына су жіберілді

Шымкент қаласындағы Жаңа шек су арнасына БМК каналы арқылы секундына 200 литр су көлемі жіберілді. Су Сайрам, Аймауытов көшелерімен және Тәуке хан даңғылындағы ирригациялық жүйелер арқылы өтіп, Қазыбек би, Тоқаев көшелері бойымен Ордабасы алаңындағы Қошқар ата өзеніне құяды. Жалпы каналдың сыйымдылығы 1000 л/с. Бүгінге дейін су арнасы жауын кезінде қауіптің алдын алу мақсатында ғана пайдаланылған. Өйткені канал айналасында егінді жер болмағандықтан, тұрғындарға қажеттілік туындамаған. Ал қазір халық санының көбеюіне байланысты микроклимат қалыптастыру мақсатында әрі тұрғындардың өтініш негізінде қала әкімі Ғабит Сыздықбеков жауаптыларға тапсырма берді. Нәтижесінде ирригациялық жүйелер арқылы тоқтаусыз ағып тұратын су жүйесі қалыптасты. Қазір каналдың 5/1-не су жіберілген. Бұл жұмыс алдағы уақытта да кезең-кезеңімен жалғасады. Жалпы Жаңа шек су арнасы 1965 жылы құрылысы аяқталып, пайдалануға берілген. Ұзындығы 18 шақырымды құрайды, оның 10 шақырымы метрлік Г блок, 8 шақырымы жер арық. Соңғы рет аталған су арнасына 2020-2021 жылдары қайта ретке келтіру( реконструкция) жұмыстары жүргізілген. Айта кетейік, мегаполисте жайлы ортаны дамыту басқармасына қарасты жалпы саны 2 өзен , 34 су арнасы бар. Еске салсақ, өткен жылы егістік жерлерді суару каналдарының су өткізу қабілетін жақсартуда мемлекеттік-жекешелік əріптестік аясында жалпы ұзындығы 197 шақырымды құрайтын 24 каналға, атап айтқанда, «Мешіт», «Темір», «Қызыл су», «Чинат-2», «Бозарық», «Құрала»с, «Улух», «Улух-«2, «Чумчак», «Шымкент», «Янгибай», «Текесу», «Көкбұлақ», «Қызыл сеңгі»р, «Гүлдіреуін-1», «Гүлдіреуін-2», «Гүлдіреуін-3», «Сасық -1», «Ақсай-Қарабастау», «Жаңа шек, , «Ынтымақ», «Компас, «Тоғыс, «Сасық» және 2 өзенге (Қошқар ата, Қарасу) механикалық және қолмен тазалау жұмыстары жүргізілгендігі хабарланған болатын.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*