Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Шымкент » ШЫМКЕНТ: АНА МЕН БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫ – БІРІНШІ ОРЫНДА!

ШЫМКЕНТ: АНА МЕН БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫ – БІРІНШІ ОРЫНДА!

Шымкентте ана мен бала денсаулығын нығайту және өлім-жітімді азайту мақсатында кешенді істер жүзеге асырылып отыр.
2023 жылы босандыру және базалық қызметінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға 151 бірлік жабдық сатып алынып, босану ұйымдарының көмек көрсету деңгейі көтерілді. Нәтижесінде қалалық №2 аурухананың перзентхана бөлімшесі мен қалалық перзентхана перинаталдық көмектің 3-деңгейіне ауыстырылды. Сондай-ақ Шымкент қалалық №3 аурухананың перзентхана бөлімшесі 2-деңгейге ауыстырылды. Бұл қала перзентханаларының материалдық-техникалық базасының нығаюымен қатар, медициналық қызмет сапасының артуына зор ықпал етіп отыр.
Биыл Шымкент қаласында алғаш рет «Бір күндік клиника» бірегей жобасы іске қосылды. Қалалық перинаталдық орталық базасында ашылған клиникада жүкті әйелдер ерте кезеңде диагностикалық тексеруден өтіп, туа біткен ахауларды дер кезінде анықтауға мүмкіндік береді.
2023 жылдың сәуір айында неврологиялық және басқа да патологиясы бар 3 жасқа дейінгі балаларға арналған №2 оңалту орталығының базасында ерте араласу бөлімшесі ашылды.
Айта кетейік, 2023 жылы Шымкент қаласында ана өлімі тіркелмеді. Ал, нәрестелер өлімі 7,2 пайызға төмендеген.
Сонымен бірге, Шымкент қаласы бойынша соңғы 3 жылда атқарылған жүйелі іс-шаралардың нәтижесінде ана мен бала өлімі азайған. Нәресте өлімі 19,3, ана өлімі 80,4 пайызға төмендеген. Басқарма басшысының орынбасары Сәуле Дүйсенбаеваның айтуынша бұл көрсеткіштерге босандыру ұйымдарының материалдық-техникалық базасының жақсаруы мен мамандарды шет елдерде оқытып, тәжірибе алмасуы септігін тигізген.
Ал, жоғары санатты қалалық балалар клиникалық ауруханасы мамандарды оқыту, сонымен қатар мекемеде жоқ медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету және ауруханада жоқ бейіндерді ашу бойынша жоспарларын биыл сәтті аяқтаған.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*