Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Шымкент » Шымкент қаласының әкімі кезекті рет бірнеше нысандарды аралады

Шымкент қаласының әкімі кезекті рет бірнеше нысандарды аралады

Шымкентте қала әкімі Ғабит Әбдімәжитұлы Сыздықбеков кезекті қаланы аралау барысында » САҚ » киностудиясына барып, мультфильмдер мен көркем фильмдерді әзірлеу жұмыстарымен танысты. Шымкент мультипликаторларының жұмыстары көпшілік көрерменнің сүйіспеншілігіне ие болып жүр. Жалпы анимацияның басты мақсаты – жансыз затқа жан беру. Ал көрерменді қиял-ғажайыпқа сендіру үздіксіз еңбек етуді қажет етеді.

Әкім осындай жауапкершілік арқалаған киностудия қызметкерлерінің шығармашылық жұмыстарын тамашалаған ол, қазіргі таңда жеткен жетістіктерімен тоқтап қалмай, жаңа шыңдарды бағындыра беруге тілектестік білдірді. Әкім киностудиядан кейін «Дары Сайрама» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің зауытын аралап, консервіленген өнімдерді, қызанақ өсірілетін «Trade Agro Invest» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жылыжай кешені өндірісін аралап көрді. Кездесу барысында серіктестік басшылары кәсіпорындардың қызметімен, даму жоспарларымен бөлісті.

Сонымен қатар, әкім өзінің әлеуметтік желідегі парақшасанда судың жоқтығына шағымданған Бозарық тұрғын алабы көшелерінің тұрғындарымен де кездесті. Мәселенің мән жайына қаныққан әкім жұмыс жүргізіп жатқан мердігер ұйым өкілдері мен аудан әкіміне су құбырын жүргізу жұмыстарының қарқынын жеделдетуді, сондай-ақ уақытша жол салуды тапсырды. Ал жолдар барлық жұмыстарды кезең-кезеңімен аяқтағаннан кейін төселіп, ирригация жүйелері орнатылатын болады. Аралау барысы «ҚазКомАгро»ЖШС құс фабрикасында аяқталды.

Мұнда 25 адам тұрақты жұмыспен қамтылған, ал маусым кезінде қосымша 70-ке жуық жергілікті тұрғын жұмысқа тартылып тұрады. Фабрика жұмысымен танысқан әкім ұжымға, кәсіпорын директорына қаланың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі еңбегі үшін алғысын білдірді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*