Мопедтер ірі қалалардағы жол қауіпсіздігіне айтарлықтай әсер ете бастады, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Түркістан Облысының Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Шағын көліктерді дамыту қосымша қозғалыс мүмкіндіктерін ұсынады, бірақ олардың көптеген иелері ережелерді сақтамайды, соңы апаттарға әкеледі.
Мәселен ағымдағы жылы өңірде мопедтердің қатысуымен 11 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Сондықтан полиция қызметкерлері осы көлік құралдары жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін сақтауын бақылауды күшейтті.
Нәтижесінде жыл басынан бері мопед жүргізушілеріне қатысты 325 әкімшілік хаттама толтырылды. Оның ішінде 16 жасқа толмаған кәмелетке толмағандардың ата-аналарына 12 хаттама түзілген.
Өз кезегінде полиция мопед иелері мен облыс тұрғындарына жолдағы әрбір қадамды аңдап басуға, жауапкершілікке шақырады.
© Jetpisbai.kz