Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ПОЛИЦИЯ ОРТАҚ ПАЙДАЛАНЫЛАТЫН ОРЫНДАРДЫ ЛАСТАУШЫЛАРДЫ ЖАУАПҚА ТАРТУДА

ПОЛИЦИЯ ОРТАҚ ПАЙДАЛАНЫЛАТЫН ОРЫНДАРДЫ ЛАСТАУШЫЛАРДЫ ЖАУАПҚА ТАРТУДА

Түркістан облысында «Таза Қазақстан» республикалық акциясын өткізуде жергілікті полиция қызметінің полицейлерімен белгіленбеген орындарда қоқыс шығару, жалпы пайдалану орындарын абаттандыру және ластау қағидаларын бұзу, жолдар мен жол құрылыстарын зақымдау жайттары бойынша жыл басынан бері 20 мыңнан астам дерек анықталды.
Оның ішінде ортақ пайдаланатын орындарды ластаудың 12 259 құқық бұзушылығы тіркелген. Абаттандыру ережелерін бұзудың 4175 құқық бұзушылығы анықталған. Оның 4028-іне ескерту жасалып, 147 тұрғынға айыппұл салынған.
Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысының бастамасымен «Таза Қазақстан» республикалық акциясы өткізіліп келеді. Бұл шара экологиялық заңнаманы бұзу фактілерін анықтауға және жолын кесуге, сондай-ақ елді мекендерді көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарын жандандыруға бағытталған.
Өз кезегінде тәртіп сақшылары облыс тұрғындары мен қонақтарын қоғамдық орындарда және көшеде тазалықты сақтауға, абаттандыру ережелерін бұзбауға, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғауға шақырады.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*