Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Шымкент » «Қоғамдық көлікпен 100 пайыз қамтылды»

«Қоғамдық көлікпен 100 пайыз қамтылды»

Шымкент қаласының дамуы жолында жол инфрақұрылымы мен көлік саласын өркендету міндеттеріне үлкен жауапкершілік жүктелген. Қала, мегаполис секілді кез келген ірі елдімекеннің күретамыры – қоғамдық көліктер. Оның ішінде жолаушылар автобустарының алар орны ерекше. Бұл саладағы қызмет сапасы неғұрлым жақсарған сайын қала тұрғындарының күнделікті өмірі соғұрлым жақсара түседі.

2020 жылы қалалық мәслихатпен Шымкент қаласының жолаушылар көлігін дамытудың кешенді схемасы бекітілген. Бекітілген схемаға сәйкес, 77 маршрутты құрайтын жаңа маршруттық желісі әзірленген болатын.
Маршруттық желісімен 6 ХАБ, 33 жеткізуші, 39 магистралды және 6 айналма маршруттары қаралған. Бүгінгі танда маршруттар толығымен қызмет көрсетуде. Қала аумағындағы сонымен қатар, шет аймақтарда орналасқан барлық шағынаудандары мен тұрғын алабтары қоғамдық көлікпен 100 пайыз қамтылды.

Қазіргі уақытта Шымкент қаласында 77 тұрақты қалалық маршрут қызмет көрсетуде, күнделікте маршруттарға 914 автобус шығады. 2023 жылы автобустардың саны резервпен қоса 1020 автобусты құраса, 2024 жылдың 5 айында резервпен бірге 1142-ні құрап отыр, оның 640-ы метан газымен, 464-і дизельмен және 36-ы бензинмен жүреді.

2019 жылы 300 жаңа автобус, 2020 жылы 590 жаңа автобус сатып алынды, қазіргі уақыттта қоғамдық көліктердің барлығы қалалық тұрақты маршруттарда қызмет көрсетуде.

Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметінше, 2023 жылы 914 автобус, ал 2024 жылы 916 автобус және 11 тасымалдаушы компания жолаушыларға қызмет көрсетеді. Қазіргі қолданыстағы кешенді схема да өзектендіруді қажет етеді. Сондықтан халықтың сұранысын ескере отырып, жыл басынан бері 22 бағыттағы қоғамдық көліктердің сызбасы оңтайландырылған.

Сондай-ақ, қазіргі таңда қоғамдық көліктерде дауыстық хабарлама орнату жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде №12,27,35,74,84 бағыттағы жолаушылар көлігінде, жалпы 110 автобуста дауыстық хабарлама жүйесі орнатылған. Жыл соңына дейін тағы 500 көлікте аялдамалар дыбыс құралымен хабарланады деп жоспарланып отыр.
басқарма басшысының айтуынша, «биыл қалада 229 қоғамдық көлікті жаңарту жоспарлануда. Наурыз айында «Автоимпульс» ЖШС тарапынан Zhongtong маркалы 5 жаңа автобус әкелінді. Сондай-ақ, «Санжар моторс» ЖШС және «Абдуганиев» ЖК тарапынан «SAZ LE-60» маркалы 12 автобусты, «МАН-Оңтүстік» ЖШС Youtong маркалы 3 жаңа автобусты мамыр айынан бастап бағытқа қойған. Жалпы, бүгінде қаладағы 1142 автобустың 95 пайызға жуығы соңғы 5 жылда алынған. Қоғамдық көліктер жыл сайын кезең-кезеңімен жаңартылуда».
Қалада 1886 аялдама бар. Оның ішінде, павильондармен қамтамасыз етілгені – 1338, ескі үлгідегі аялдама саны – 500, жаңа үлгідегі аялдама – 838.

 

 

 

 

 

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*