Бүгін Мақтаарал ауданы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның жұмыс жоспарына сәйкес комиссияның кезекті жиналысы өтті.
Жиналыстың күн тәртібіне аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі атқарылған жұмыстары және ішкі талдау нәтижелері туралы, әлеуметтік қолдау саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі атқарылған жұмыстары және ішкі талдау нәтижелері туралы, өңірдегі аппаттық және тозығы жеткен тұрғын үйлердің қазіргі жай-күйі, коммуналдық шаруашылық бағытындағы өзекті мәселелері жөніндегі атқарылып жатқан жұмыстар туралы, Атакент кенті әкімі аппаратының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі атқарылған жұмыстары туралы, Достық ауылдық округі әкімі аппаратының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі атқарылған жұмыстары туралы мәселелер қойылып, баяндамашылар тыңдалды.
Жиын соңында Мақтаарал ауданы әкімі, комиссия төрағасы Б.Асанов сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті жетілдіру мақсатында тиісті тапсырмаларды берді.
jetpisbai.kz Ұлы Дала жаңалықтары