Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫНЫҢ КӘСІБИ МЕРЕКЕСІ КҮНІНЕ ОРАЙ САЛТАНАТТЫ ШАРА ӨТТІ

ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫНЫҢ КӘСІБИ МЕРЕКЕСІ КҮНІНЕ ОРАЙ САЛТАНАТТЫ ШАРА ӨТТІ

Бүгін Созақ ауданының орталығындағы «Мыңжылқы» мәдениет үйінде тәртіп сақшыларының кәсіби мерекесі күніне орай салтанатты шара өтті. Шара барысында ҚР Мемлекеттік Әнұраны әуелете шырқалды. Аудан әкімінің орынбасары Ақәділ Сатыбалды жеке құрам мен сала ардагерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады. Өз қызметтік міндеттерін адал атқарған бірқатар қызметкерлерге аудан әкімінің алғыс хатын табыс етіп, құрмет көрсетті.
Сондай-ақ аудандық мәслихат төрағасы Ордабек Жәмиев ізгі тілегін арнап, құқық бұзушылықтардың алдын алу мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде белсенділік танытқан қызметкерлерді алғыс хатпен марапаттады. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қабылбек Еспенбетов жеке құрамды антқа адал болуға, халыққа сапалы қызмет етуге шақырып, мықты денсаулық тіледі.
Созақ аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Жасұлан Нысанбаев мерекелік құттықтауын жеткізіп, отставкідегі полиция майоры, ҚР Ішкі істер органдарының Құрметті ардагері Дуанаев Беркінбай әрбір қызметкер өз міндеттерін абыроймен атқарып, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізеріне өз сенімін білдірді. Бірқатар жеке құрам қызметкерлеріне мен сала ардагерлері аудан прокурорының, «Аманат» партиясының Созақ аудандық филиалы төрағасының, облыстық Ішкі істер органдарының және Ұлттық Ұлан ардагерлер ұйымының төрағасы мен аудандық полиция бөлімі бастығының алғыс хаттары мен аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің құттықтауы табыс етілді.
Салтанатты шараны аудандық «Мыңжылқы» мәдениет үйінің өнерпаздары әсем әнмен өрнектеді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*