Кентау қаласында «Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне Халықаралық күрес» күніне орай кіші футболдан ашық біріншілігі ұйымдастырылды. Жарысқа Түркістан және Кентау қалаларынан жалпы 8 команда бақ сынап, шеберліктерімен жасыл алаңда көрсетті.
Жарыстың негізгі мақсаты – спорт арқылы жастар мен балалар арасында есірткіге, нашақорлыққа қарсы иммунитет қалыптастыру.
Жарысты ұйымдастырушылар аса тартысты өткен футбол додасында бағы мен баптары келісіп, мықтылықтарын дәлелдеген командаларды марапттады. Қызықты ойында І орын – «ФК — SA» командасы иеленсе, ІІ орын –ФК «Южный» командасы, ІІІ орын- «Жас Ұлан» командасы ие болды.
Сонымен қатар, жарыста орын алған командалар мен үздік номинациясын иеленген спортшыларға кубок, медаль, диплом және сыйлықтар табыс етілді.