Жиырма бірінші ғасырдағы қоғамның негізгі дертіне айналған сыбайлас жемқорлықты жою, алдын алу және сыбайластыққа қарсы күресу бағытында халықтың сауатын арттыру, құқықтық көмек көрсету, әлеуметтік нысандарға қоғамдық бақылау жүргізу мақсатында ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап «Жемқорлыққа қарсы мобильді топ» жобасы бастау алды.
Атаулы жоба аясында арнайы мобильді топ Қазығұрт ауданына келіп, Қ.Әбдалиев, Сарапхана, Қазығұрт және Қызылқия ауыл округтерінде тұрғындарға кәсіби құқықтық көмек көрсетті. Сондай-ақ, аудандағы құрылысы ұзаққа созылған мектептер, кепіл мерзімі бар әлеуметтік нысандарды аралап, қоғамдық бақылау жүргізді.
Одан соң аудан әкімдігі ғимаратының мәжіліс залында комплаенс-офицерлерге, ішкі талдау жұмысшы тобына практикалық семинар өткізіп, аудандық кәсіпкерлер палатасында «Бизнеске жол» жобасы аясында кәсіпкерлермен кездесті.
«Жемқорлыққа қарсы мобильді топ» құрамында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Түркістан облысы бойынша департаментінің Превенция басқармасының офицері — Нұрбеков Нұрболат Молдалыұлы, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік жобасының» Еріктісі, заң ғылымдарының магистрі – Абуова Нұржахан Ермағамбетқызы, Түрістан облысы бойынша Әділет департаментінің Сарыағаш ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтықтық бөлімінің басшысы – Жармаханбет Нұрлан Зиябекұлы, жеке сот орындаушысы – Сүйінәлі Ержігіт Қанатұлы, адвокат – Назаркулова Гульсара Ешанкуловналар бар.