Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » Психологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша полицейлерге сабақ өткізілді

Психологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша полицейлерге сабақ өткізілді

Түркістан облысы Полиция департаментінің психолог мамандары мен облыстық дін істері басқармасының өкілдері Ордабасы ауданына іссапармен барды. Сала мамандары полиция бөлімінің жеке құрамына арнайы сабақ өтіп, әлеуметтік-психологиялық сауалнама алды.
Психолог мамандары отбасындағы дау-жанжалдар мен зорлық-зомбылықтан пайда болған стресстің алдын алу аспектілері туралы мәлімдеді.
Сонымен қатар полицейлердің отбасындағы қарым-қатынасқа қатысты ой-пікірлерін тыңдап, психологиялық тұрғыдан шешу жолдарын ұжым болып шешуді қарастырды.
Ал облыстық “Дін мәселелерін зерттеу орталығы” КММ теолог маманы шетелдік діни уағызшылардың қауіптілігі туралы және деструктивті діни ағымның таралуының алдын алу мен сақтану жолдарын түсіндірді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*