Су айдындарында мүмкіндігінше әртүрлі ойындарды ойнамаңыз. Өйткені суды шашыратып, толқын тудыру басқа адамдардың су ортасында тыныс алуына кедергі келтіріп тұншығып қалуына себеп болуыңыз мүмкін. Суға түсіп жүргенде оқыс оқиға болса, қорықпауға тырысыңыз. Қорқыныш сезімін жеңе алмай қалсаңыз өз әркеттеріңізді бақылай алмайсыз. Тұншығып бара жатып айқайламаңыз, өйткені су өкпеге бірден кіріп кетеді. Басыңызды судан жоғары шығарып, терең тыныс алғаннан кейін ғана айғайлауға болды. Құтқарушыларға қол сермеп белгі беріңіз.
Ал егерде жүзуді білмей, судың ортасында кездейсоқ қалып қойсаңыз қолдарыңызды кең жайып, мүмкіндігінше терең және сирек дем алыңыз. Тік тұрып, аяқты педаль басқандай жылжытып, қолдарыңызды жоғары көтеріп суды төмен итеріп қозғалтыңыз. Үзідкісіз қимылдан шаршап қалсаңыз суға арқамен жатып, демалуға тырысыңыз. Ол үшін қол мен аяқты түзу ұстап, басыңызды судың үстіне қойып, тынығып алуға әрекет жасаңыз. Судың суықтығынан тонып қалсаңыз қолдарыңыз бен аяқтарыңызды кезекпен созу арқылы жылытуға тырсыңыз. Ал аяғыңыз тартылып қалса суға батырыңыз да күшпен өзіңізге қарай тартыңыз.
Кейбір көлдер мен өзендерде айналмалы иірімдер болады. Ол адамды шыр көбелек айналдырып түбіне тартып әкетуі мүмкін. Сондай қауіпке кездессеңіз өкпеңізге көбірек ауа жұтып, қауіпсіз жаққа қарай яғыңызды күрт сермеп секіріңіз.
Ал өзенде жүзу кезінде қатты ағысқа түсіп қалсаңыз күшіңізді босқа жұмсамаңыз, ең жақын жағалауға қиғаш бағытта жүріп, жай ғана ағыспен жүзіңіз.
Су астында неше түрлі қауіпті заттар болуы мүммкін. Соны бірі балдырлар. Суда жүзуге кедергі келтіріп, балдырлар аяғыңызға жабыса бастағанын сезген бойда тоқтамаңыз, бір орында тұрып қалмаңыз. Екі аяқпен күрт итеріп, өзіңізді босатуға тырысыңыз. Егер мұны бірден жасау мүмкін болмаса, балдырларды екі аяқпен кезек-кезек ысқылап босатуға тырсыңыз. Судың астына түсіп балдырларды қолмен аршимын деп әрекеттенбеңіз, балдырлар мойныңызға жабысып шатасып байланып қалуы мүмкін.
Ата-аналар назарына!
Сіздер үшін, ата-аналар! Құрметті ата-аналар!
Жазғы мезгіл – балалар үшін нағыз демалатын шақ болса, су – балалар организімінің сауықтырылуына қажет бірден-бір құралы болып табылады. Алайда, суға шомылудың пайдасын, тек қауіпсіздік шараларын қатаң сақтаған жағдайда көруге болады. Осыған байланысты жазғы мезгілде суға шомылудың барлық қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақыра отырып, балаларға суға шомылу барысында өздерін қалай ұстау қажеттігін ескертіп, ата-ананың қарауынсыз қалдырмауларыңызды өтінеміз! Өкінішке орай, ата-аналар тарапынан жасалған немқұрайлық орны толмас жағдайларға апарып жатады.
Балаларыңызды сақтаңыздар!
Қоршау белгісінен әрі жүзуге тыйым салынады!
Тыйым салынған орындарда суға түсуге тыйым салынады!
Балаларды қараусыз қалдыруға тыйым салынады!
Суда түсерде камераны, допты, тақтайшаны қолдануға тыйым салынады!
Суда ойнауға тыйым салынады!
Жалған дабыл беруге тыйым салынады!
Өтіп бара жатырған катерге, қайыққа жақын жүзуге тыйым салынады!
Көпірден, айлақтан, қайықтан, катерден суға секіруге тыйым салынады!
Тамақ ішкен бойда суға түсуге тыйым салынады!
Суға мас күйде түсуге тыйым салынады!
Таныс емес жерге сүңгуге тыйым салынады!