Түркістан облысы Полиция департаментінде «Қазақстан Полициясы күні» мерекесіне орай салтанатты шара өтті. Жиынға Түркістан облысы Полиция департаментінің басшы құрамы мен ішкі істер органының ардагерлері, жеке құрам қатысты.
Шара басында ҚР Мемлекеттік Туы құрметпен кіргізіліп, Әнұран шырқалды. Сондай-ақ жиналғандар қызмет атқару кезінде қаза тапқан полиция қызметкерлерін 1 минут үнсіздікпен еске алды. Олардың жұбайларына гүл шоқтары мен бағалы сияпаттар тарту етілді. Түрлі сала мамандарының құттықтау бейнероликтері көрсетілді. Халықтың тыныштығы үшін қызмет етіп жүрген департаменттің полицейлеріне облыстың бас полицейі Мұрат Қабденов құттықтау сөзін арнап, марапаттау рәсімін өткізді.
Мерекеде мерейлері тасыған қызметкерлерді атап өтсек, ҚР ІІМ бұйрығымен «Мерзімінен бұрын полиция полковнигі» арнаулы атағы С.Дүкенов, А.Көшқалиевке берілді. «Бір саты жоғары полиция подполковнигі» Т.Нұржаевқа ұсынылды. «Бір сатыға жоғары полиция майоры» атағын М.Алдабергенов иеленді. «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалі Қ.Жұмаділдаев, А.Бекботаева, ал «Ішкі істер органдарының үздігі» төс белгісі Н.Әлішер, Ү.Жамаловқа тағылды.
ҚР ІІМ Грамотасымен Е.Тәжі, Ө.Назарбаев, Б.Хайриев, Т.Тәшкенбаев марапатталды. Министрліктің «Алғыс хаты» Е.Жұмабаев, Қ.Әбдімәліков, Н.Момыновқа табысталды. Сонымен қатар Түркістан облысы ПД басшылығы тарапынан жазылған грамота, алғыс хаттар өз иелеріне үлестірілді. Өмірін осы салаға арнап, зейнетке шыққан ардагерлер де марапатталды. Одан әрі ҚР ІІО ардагері Оспанғазы Жанқожаев құттықтауды жалғастырып, аға буын атынан ыстық ықыластарын білдірді.
Іс-шара соңы мерекелік концерттік бағдарламамен жалғасты. Облыстың өнерпаздары мен талантты тәртіп сақшылары патриоттық әндер шырқап, қатысушыларға ерекше көңіл-күй сыйлады.
Жыл сайын 23 маусымда бейбіт күнде қазақстандықтардың тыныштығы мен қауіпсіздігін күзететін полицейлер күні аталып өтеді. Бұл күн тұрақтылық пен қоғамдық тәртіпті сақтауға үлес қосқан ардагерлерге және осы қатарда еңбек етіп жүргендерге, қызметтік парызын өтеуде өмірін қиғандарға ризашылық пен алғыс білдіру күні болып саналады.
Еске сала кетсек, 1992 жылғы 23 маусымда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары туралы» Заң қабылдады. Бұл Қазақстан полициясының қызметі мен міндетін анықтайтын алғашқы құқықтық акт болатын. 2007 жылдың 5 маусымы күні Мемлекет басшысы өз Жарлығымен 23 маусымды — Полиция күні деп бекітті.
Қазақстан полициясы – қоғамдағы құқықтық тәртіпті, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін еліміздегі аса маңызды құрылымдардың бірі. Полицейлердің кәсіби біліктілігі мен сертіне беріктігінің арқасында қоғамда тұрақтылық қалыптасып, адамдардың құқық қорғау органдарына сенімі арта береді.
Қазақстан полициясы күні — осы жауапты қызметті жолға қоюдың басы-қасында болған ардагерлерге және бүгінде осы қатарда еңбек етіп жүргендерге ризашылық пен алғыс сезімін білдіру күні. Сонымен қатар бұл күн бейбіт уақытта қазақстандықтардың тыныштығы мен қауіпсіздігі үшін өз өмірін құрбан еткендерге құрмет көрсету күні саналады. Осыған орай жыл сайын 23 маусымда бейбіт күнде қазақстандықтардың тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін полицейлер күні атап өтіледі.