Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ӘНҰРАН ШЫРҚАЛЫП, САПТЫҚ БАЙҚАУ ӨТКІЗІЛДІ

ӘНҰРАН ШЫРҚАЛЫП, САПТЫҚ БАЙҚАУ ӨТКІЗІЛДІ

Түркістан облысы Полиция департаменті Созақ ауданы полиция бөлімінде жеке құрамның саптық байқауы тексерілді. Полицейлердің қоғамдық тәртіпті сақтау және жол қауіпсіздігінің алдын алу бойынша қойылған міндеттерді орындауын тексеруге бағытталған бұл шарада тәртіп сақшыларының дайындығы қаралды.
Жиынға Созақ ауданы полиция бөлімінің басшылығы мен полиция саптық бөлімшелерінің қызметкерлері қатысты.
Созақ ауданы полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Жасұлан Нысанбаев жеке құрамға қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мен өз қызметін лайықты атқаруды тапсырды.
 «Қызмет өткеру барысында түрлі арандатушылар мен құқық бұзушылар тарапынан құқыққа қарсы іс-қимылдардың жолын кесуді, қоғамдық тәртіпті бұзушылықтарды және қоғамға жат мінез-құлықтың алғышарттарын жоюды талап етемін. Естеріңізде болсын, сіздердің басты міндеттеріңіз-азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз ету, олардың өтініштеріне жедел ден қойып, қызметтік тәртіп пен заңдылықты қатаң сақтау», — деп атап өтті полиция бастығы.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*