Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » Түркістанда 400-ге тарта тұрғын жүгіру марафонына қатысып, генерал марапатын иеленді

Түркістанда 400-ге тарта тұрғын жүгіру марафонына қатысып, генерал марапатын иеленді

Бүгін Түркістан қаласында салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған ауқымды марафон өтті. Іс-шара «ҚР нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылдың 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары» талаптарын орындау мақсатында әрі «Халықаралық нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес күні» аясында ұйымдастырылды.
Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен облыс әкімдігі, Денешынықтыру және спорт басқармасы «Есірткіге жол жоқ» ұранымен өткізген жүгіру марафонына мемлекеттік қызметшілер, студент жастар, спортшылардан 400-ге жуық адам қатысты.
Марафон Түркістан қаласының «Жібек жолы» саябағынан басталып, ұзындығы 4 км арақашықтағы «Түркістан-Арена» стадионына дейін жалғасты. Жарыс қорытындысы бойынша өзінің жүзден жүйрік екенін көрсеткен қатысушылар жүлделі орындарға ие болды. Оларға Полиция департаменті бастығының грамоталары, бағалы сыйлықтары табысталды.
Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Амангелді Бурханов: «Жұртшылықтың назарын есірткімен күреске аудару, салауатты өмір салтын насихаттау, сондай-ақ Түркістан қаласында бұқаралық спортты дамыту, спорттық орта қалыптастыру бағытында осындай игі шара өткізіп отырмыз. Шараға үлес қосқан әрбіріңізге рақмет!»-деп атап өтті.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*