Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » Полицейлер тон мен алтын бұйымдарды ұрлаған күдіктіні анықтады

Полицейлер тон мен алтын бұйымдарды ұрлаған күдіктіні анықтады

Сарыағаш ауданының полицейлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында, бөтеннің мүлкін ұрлады деген күдікке ілінген жас қызды анықтады.
Белгілі болғандай, күдікті досының үйіне кіріп, жатын бөлмесінен тон мен алтын бұйымдарды жымқырып кеткен. Келтірілген шығын көлемі шамамен 3 миллион теңгені құрайды.
Ол ұрланған мүлікті ломбардқа тапсырып, ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсаған.
Сондай-ақ полицейлер күдіктінің тағы бір ұрлыққа қатысы бар екенін анықтады. Айғақты заттар заңды иесіне қайтарылды.Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты жинақталған материалдар заңды шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.

Осы орайда, өңір полицейлері пәтер ұрлығының алдын алу жөнінде бірнеше кеңес ұсынады. «Ұзақ мерзімге кетіп, үй қараусыз қалған жағдайда, көршілерден сіз келгенше үйге қарайлай тұруын өтініңіз. Ал, көп қабатты үйлердің пәтері бірінші немесе екінші қабатында орналасса, мүмкіндігінше терезелеріңізге темір тор қойдырыңыздар. Сондай-ақ, есігіңізге сенімді механизмі бар құлып, мүмкіндік болса аулаға бейнебақылау камерасы мен дабыл жүйесін орнатыңыз. Өздерін жөндеу қызметінің немесе құқық қорғау органдарының қызметкерлері ретінде таныстыратын бөгде адамдарды үйге қызметтік куәліктерін тексеріп барып кіргізіңіз. Балаларыңызға танымайтын адамға есік ашуға болмайтынын ескертіңіз» дейді тәртіп сақшылары. Расында да, «Сақтықта – қорлық жоқ» емес пе?!

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*