Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » Түркістанда жоғалған қария егістік алқабынан табылды

Түркістанда жоғалған қария егістік алқабынан табылды

Таңғы уақытта полицияның 102 операторына 82 жасар қарт ананың жоғалғаны туралы хабар түседі. Бұған дейін осындай жағдай бірнеше рет қайталанып, ауыл арасынан табылып жүрген анасының бір күн бұрын үйден шығып кеткенін қызы жеткізді.
Қазығұрт ауданы полицейлерінің жедел іздестіру шараларын жүргізуі нәтижесінде қарт ана ауылдан 3-4 шақырым жердегі егістік алқабынан табылды.
Қария бір тәулік ішінде дін аман табылды. Тексеру барысында қарт ананың денсаулығына байланысты үйден есін білмей белгісіз бағытқа шығып кеткені анықталды. Қарияның қызы тәртіп сақшыларына алғысын білдіріп, әрқашан осылай ел қорғаны болып жүруді тіледі.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі
В Туркестанской области полицейские нашли пропавшую бабушку в поле
Утром, на пульт 102 полиции Казыгуртского района поступило сообщение о пропаже 82-летней пожилой женщины. Её дочь рассказала, что подобная ситуация повторялась не раз, и мать, которую ранее находили в селе, вышла из дома накануне вечером.
В результате проведения оперативно-розыскных мероприятий полицейские Казыгуртского района обнаружили пожилую женщину в поле в 3-4 километрах от посёлка. Бабушку нашли в течение суток в целости и сохранности
При проверке выяснилось, что пожилая женщина, имеющая проблемы со здоровьем, неосознанно ушла из дома в неизвестном направлении. Дочь поблагодарила стражей порядка и пожелала, чтобы они всегда оставались защитниками страны.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*