Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » Түркістан облысының бас полицейі “Таза Қазақстан” акциясы бойынша атқарылған жұмыстарды пысықтады

Түркістан облысының бас полицейі “Таза Қазақстан” акциясы бойынша атқарылған жұмыстарды пысықтады

Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденовтің төрағалығымен аппараттық кеңес өтті. Жиынға аппараттың салалық құрылым басшылары мен аудандық, қалалық полиция басқармасының, бөлім басшылары қатысты. Жиында облыс көлеміндегі жедел жағдай ахуалы, мал ұрлығы қылмыстарының алдын алу мен “Таза Қазақстан” акциясы бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндады.
Облыстың бас полицейі Мемлекет басшысының нұсқауына сәйкес өткізіліп жатқан “Таза Қазақстан” республикалық акциясы бойынша соңғы мәліметтерді қарап, нақты тапсырмалар берді.
Айта кетсек, жергілікті полиция қызметінің полицейлерімен белгіленбеген орындарда қоқыс шығару, жалпы пайдалану орындарын абаттандыру және ластау қағидаларын бұзу, жолдар мен жол құрылыстарын зақымдау жайттары бойынша жыл басынан бері 20 мыңнан астам дерек анықталған.
Сондықтан осы бағытта криминалдық полиция, әкімшілік полиция, жергілікті полиция қызметі басқармасы бірлесіп, басқа да мемлекеттік тиісті органдармен жұмысты жандандыру тапсырылды.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*