Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ПАРЛАМЕНТ ДЕПУТАТТАРЫ ПОЛИЦИЯНЫҢ ТЫНЫС ТІРШІЛІГІМЕН ТАНЫСТЫ

ПАРЛАМЕНТ ДЕПУТАТТАРЫ ПОЛИЦИЯНЫҢ ТЫНЫС ТІРШІЛІГІМЕН ТАНЫСТЫ

Бүгін Түркістан облысы Жетісай аудандық полиция бөліміне Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің депутаттары Темір Қырықбаев пен Нұрсұлтан Байтілесов арнайы келді. Кездесуге Жетісай ауданы әкімі Серік Мамытов, аудандық депутаттар және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен полицейлер қатысты.
Парламент депутаттары полиция бөлімінің тыныс-тіршілігімен танысып, бөлім басшысының баяндамасын тыңдады. Өз сөзінде полиция полковнигі Әділбек Сапарбеков аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыстарды жеткізіп, құқық бұзушылықтың алдын алуда алдағы уақытта жүргізілетін шараларды баяндады.
Сонымен қатар жергілікті полиция бөлімінің қызметкерлері тарапынан қойылған ұсыныстар мен сұрақтарға жауап берілді. Өз кезегінде заңға жаңадан енген зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы қабылданған заң талаптары қаншалықты жүзеге асып жатқаны туралы да сұрап, пікір алмасты.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*