Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » Ордабасылық полицейлер “Қауіпсіз жол” іс-шарасын өткізуде

Ордабасылық полицейлер “Қауіпсіз жол” іс-шарасын өткізуде

Облыс көлемінде жол-көлік оқиғаларының санын азайту, сондай-ақ жол жүрісі қағидаларын бұзудың алдын алу мақсатында “Қауіпсіз жол” жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр.
Полицейлер профилактика барысында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, жаяу жүргіншілер тарапынан жасалған жол қозғалысы ережелерінің сақталуына айрықша назар аударуда.
«Қауіпсіз жол» жедел алдын-алу шарасы аясында жол-көлік оқиғаларының артуына септігін тигізетін жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу жағдайларын анықтау, автокөлік жүргізушілерінің жаяу жүргіншілерге жол бермеу деректерінің алдын алу, профилактикалық бағыттағы жұмыстарды барынша жандандыруға және жолын кесуге бағытталған бірқатар рейдтік және алдын алу шаралары атқарылуда.
Полиция мас күйінде көлік жүргізуге байланысты құқық бұзушылықтарды анықтауға және жолын кесуге, төтенше жағдайды жасауға, басып озу, жол қозғалысы, маневр, қиылыстар мен жаяу жүргіншілер өткелдеріне, қауіпсіздік белдіктерін пайдаланбауға және ұялы телефонмен сөйлесуге байланысты ережелерді анықтауға назар аударады.
“Қауіпсіз жол” іс-шарасы басталысымен Ордабасылық полицейлер жол жүрісі ережелерін бұзу мен жол жүрісі қағидаларын бұзудың 80-нен астам жайтын анықтаса, мас халде көлік басқарған және қайта мас халде көлік тізгіндеген 2 тұлғаға қатысты әкімшілік шара қолданды.
Түркістандық полицейлер барлық санаттағы көлік жүргізушілерін жол қауіпсіздігі ережелерін сақтауға, жол-көлік оқиғаларын болдырмауға, оны сауатты жүргізуге және әрбір жаяу жүргіншінің өміріне жауапты қарауғды ескертеді.
Сонымен қатар, мопедтер мен электрлі көлік құралдарын басқарған азаматтарға түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, сақтық шараларын сақтауға шақырды.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*