Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » МАЛ ҰРЛЫҒЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША МАҢЫЗДЫ ЖИЫН ӨТТІ

МАЛ ҰРЛЫҒЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША МАҢЫЗДЫ ЖИЫН ӨТТІ

Түркістан облысы полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Ердәулет Амантаевтың төрағалығымен мал ұрлығы қылмысының алдын алу бойынша арнайы жиын өтті.
Жиынға облыс прокуроры мен полиция бөлімінің қызметкерлері және ветеринарлық қызмет пен мекеме, базар басшылары т.б. қатысты.
Жиын барысында мал ұрлығына қатысты бірқатар өзекті мәселелер қаралып, шешім жолдары талқыланды.
Жыл басынан бері өңірімізде ұрлық қылмыстары, жалпы қылмыс санының 12,9% құраса, мал ұрлығы қылмыстары 1,9% құраған. Ағымдағы жылдың 6 ай қорытындысы бойынша 50 дерек мал ұрлық қылмысы тіркеліп, өткен жылмен салыстырғанда 47,4%-ға төмендеген. Ал, 50 дерек мал ұрлығы қылмыстарының қазіргі уақытта 29 дерегі ашылып, облыс аумағында мал ұрлығын «кәсіп» еткен 8 қылмыстық топ құрықталып, 18 тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылған.
Аталған қылмыстық топтың нақты – 12 дерек мал ұрлығы қылмыстарына қатыстылығы толық делелденген. Одан бөлек, 5 дерек мал ұрлығы бойынша қылмыс жасаған тұлғалар анықталып, оларға қатысты тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары Ерлан Қойшыбек мәлімдеді.
Жиын барысында ауылдық округ әкімдеріне, тұрғындарына малдарды қараусыз қалдырмай, үнемі бақылауда ұстау, пайда арқылы мал бағудың тиімділігін түсіндіріп, арнайы бақташыларды шығару жөнінде ұсыныстар айтылды.
Сондай-ақ ветеринария мамандарымен бірлесіп, әрбір малдың нақты есебін жүргізу, малды таңбалау, сырғалау, секілді ветеринарлық паспорттар беру жұмыстарын үзбей жүргізу жөнінде тапсырмалар жүктелді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*