Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА «КІЛЕМДІ ЖАБЫН” ЖӘНЕ «ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫ» БОЙЫНША ЖЕДЕЛ КЕҢЕС ӨТТІ

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА «КІЛЕМДІ ЖАБЫН” ЖӘНЕ «ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫ» БОЙЫНША ЖЕДЕЛ КЕҢЕС ӨТТІ

Жетісай аудандық полиция бөлімінде аудандағы жеке кәсіпкерлердің қатысуымен жедел кеңес өтті.
Жиында күн тәртібінде аудан көлемінде жүргізіліп жатқан «Тазалық акциясы» мен «Кілемді жабын» жобасы аясында Түркістан облысы ПД-нің жедел басқару орталығына қосу бойынша екі мәселе қаралды.
Аталмыш жедел кеңестің төрағасы Жетісай полициясының бастығы Әділбек Сапарбеков жүргізіп отырды. Одан кейін полиция аға лейтенанты Н.Якуза баяндама оқыды.
Баяндамада «Нөлдік төзімділік» қағидатын жүзеге асыруға, азаматтардың құқықтық сана-сезімін қалыптастыру мақсатында түсіндіру жұмыстарымен аудан көлемінде ұрлық қылмыстарының алдын алуын, сондай-ақ кәсіпкерлік нысандардың иелеріне ғимараттарға бейнебақылау камераларын Түркістан облысы ПД Жедел басқару орталығына тез арада біріктіру қажет екенін түсіндірді.
Мақтаарал ауданында «Таза Қазақстан»  акциясы аясында 700-ге жуық әкімшілік құқық бұшушылық анықталды.
Акция аясында Мақтааралдық полицейлер қоршаған ортаны абаттандыру, жалпы пайдалану орындарын ластау ережелерін бұзудың алдын алу бойынша іс-шараларды жүйелі түрде жүргізіп келеді.
Атап айтқанда, акция басталғалы полицейлер 700-ге жуық әкімшілік құқық бұзушылықты анықтаған. Оның ішінде, белгiленбеген орындарда сауда жасау-48, ортақ пайдаланылатын орындарды ластау-520, елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ жасыл екпелерді жою және бүлдіру- 103 және жол жабындысын ластау – 33 болған. Осы құқықбұзушылықтар бойынша, әкімшілік хаттамалар толтырылды. ​
Мақтааралдық сақшылар барша аудан тұрғындарын қоршаған ортаға немқұрайлы қарамауға, туған отанын көркейтуге өз үлестерін қосуға шақырады.
“Таза Қазақстан” экологиялық акциясы Қазығұрт ауданында жалғасын тапты. Яғни полицейлер әрбір тұрғын өз ауласы мен айнала төңірегіне жанашырлықпен қарап, көркейтуге, көріктендіруге үлес қосуы қажет деген ұранмен түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Іс-шарада полиция бастығы Алмас Серікбаев бастаған жеке құрам мен ұйым қызметкерлерімен бірге республикалық акцияның бағыты бойынша аудан көшелерін тазартуға шықты.
Шарада аудан тұрғындарын, қоғамдық мекеме, ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметкерлерін өз аула аумақтарын тазартуға шақырған акция барысында біршама шаруа атқарылып, олқылықтар реттелді.
«Кілемді жабын» жобасы — өңірлік жедел басқару орталықтарының бейнебақылау жүйесіне, бөгде бейнекамераларды біріктіру арқылы кәсіпкерлік нысандарда терроризмге қарсы қорғалуды, жаппай тәртіпсіздіктер мен қоғамдық құқық бұзушылықтардың алдын алуды қамтамасыз етуші жоба болып табылады. Егер де кәсіптік мекемелердегі бейнебақылау камераларын жедел басқару орталығымен біріктірген жағдайда, кәсіпкерлердің де қосымша қауіпсіздігі күшейтілетін болады.
Ал, «Таза Қазақстан» республикалық акциясы еліміздің барлық аймағында жалғасын тауып, жалпыхалықтық эко-челленджге айналды. Бүгінде бұл шараға ерікті жастар мен белсенді студенттер ғана емес түрлі мекеме қызметкерлері мен ғалымдар да атсалысуда. Басты мақсат – қоршаған ортаны сақтап, экологиялық мәдениетті қалыптастыру. «Таза Қазақстан» республикалық акциясы жыл соңына дейін жалғасады. Экологиялық шара әр апта сайын белгілі бір тақырып аясында өтіп тұрады.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*